Қытайда зауытта болған жарылыстан 65-ке жуық адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында сенбі күні Куньшань қаласындағы зауытта болған жарылыстан кемінде 65 адам құрбан болған, деп хабарлады France-Presse-ге сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС.

Ал Синьхуа агенттігі ТЖ салдарынан зауытта 120 адам зардап шекті деп отыр.

Осы жағдайға қатысты оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.