Агенттіктің ақпараттарына сәйкес, соңғы мәліметтері бойынша 68 адам құрбан болған апат туралы естіген қытай көшбасшысы оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі тексеруді тапсырған. Ал ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян енді мұндай апатты болдырмас үшін елдегі барлық кәсіпорындарды жоспардан тыс тексеруді талап еткен. Естеріңізге сала кетейік, зауыттағы жарылыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жеті жарымдар шамасында металлургия зауытының ғимараттарының бірінде орын алған. Бұл сәтте кәсіпорында 264 адам болған, олардың 44-і оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы 24 адам ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Енді 137 адам басқа қалалардағы медициналық мекемелерге жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс өндіріс барысында ауада түзілген шаң-тозаңның тұтануынан орын алған.
23:22, 02 Тамыз 2014
Қытайда зауыттағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясындағы Куньшань қаласында зауытта болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.