Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт дүйсенбі күні 2:08-де Баотоу қаласының Куньдулунь ауданында тұтанған. Бір сағаттан кейін тілсіз жау ауыздықталды. 6:40-та із-түзсіз жоғалған деп тіркелген жеті адамның денесі табылды.
Қазіргі кезде апаттың себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.