Қытайда жабайы піл ер адамды таптап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юньнань провинциясы (Оңтүстік-Батыс Қытай) ауылдарының бірінде алаңда жұмыс істеп жатқан жергілікті тұрғынды жабайы піл таптап өлтірді, ал оның әйелі жарақаттанды.

Синьхуаның хабарлауынша, ауыл тұрғындары жексенбі күні таңертең Мэнхай Сишуанбаньн-Дайск автономды округінің уезіндегі өз плантациясынан Чжао Сының мүрдесін, ал оның жұбайы Мин Баны жаралы күйінде тапты. Оқиға орнында жабайы пілдің ойрандаған іздері қалған.

Оқыс оқиға сенбі күні болған. Мин Ба қираған сарайдың астында қалып, аман қалған. Әйел ауруханаға жеткізілді.