Сихьхуа агенттігінің хабарлауынша, қазіргі Ішкі Моңғолия автономиялық өлкесінің аумағындағы 20 шаршы шақырым алқапты алып жатқан ағаштар жақсы сақталған. Ежелгі орманның жақсы сақталуына оны толықтай қалың жанартау күлі тұмшалауы себеп болған, деді журналистерге Нанкиннің геология және палеонтология институты зерттеу экспедициясының басшысы Ван Цзюнь. Қазір оның айтуынша, ғалымдар мың шаршы метрге жуық орманды күлден және басқа да орман шөгінділернен тазартқан.
Ван Цзюньнің атап өтуінше, жанартау күлі бірнеше күннің ішінде сыпырылып алынған, сондықтан да көптеген ағаштар жапырақтарымен және бұтақтарымен бұрынғы күйіндегідей сақталған.
Қазір зерттеушілердің халықаралық тобы 300 млн жылдық субтропикалық орманды жаңғыртуға тырысуда.