Қытайда жат ғаламшарлықтарды іздейтін телескоп орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдары 500 метр диаметрлі радиотелескоп жасап шығарды, деп жазады Росбалт.

Телескоптың тапақшасы Гуйчжоу тау аумаңына орналастырылады. Обсерваторияның жұмысына кедергілер болмас үшін жергілікті билік 9 мың адамды басқа жаққа көшірді.

Жалпы FAST жүйесін жасауға 180 млн доллар жұмсалып және ол бес жыл бойы құрастырылған.

Радиотелескоп жат ғаламшарлықтарды іздеу, басқа ғаламшар құпияларын зерттеу және олардың сигналдарын қамту бағыттарында жұмыс жасамақ.