Қытайда жемқорларды қалай атқанын көрдім – Мемлекет басшысы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнадан» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік журналист Алексей Пивоварпен сұхбат барысында ҚРПрезиденті жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендерді өз көзімен көргенін жеткізді.

«Бір рет жемқорлықпен ұсталған адамдардың стадиондаатылғанын көрдім. Ондай да болған. Әсеріауыр енді. Жүк машинасынан көздерібайлаулы адамдарды түсіріп әкелді де, үкімдерін оқып шықты. Әр адамныңжелкесінен атты. Бұл 1988 жылы Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың біріндеболды», - деп еске алдыПрезидент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жазаға қатысты өзінің пікірін білдірді.

«Бір жағынан мұндайды көрудің өзі ауыр. Екінші жағынан сынап та отырған жоқпын. Бұл сол мемлекеттің тарихи және мәденидәстүрі. Егер осындай тәсіл қолданбаса, елдегі жағдайды бақылауда ұстай алмау қалуы мүмкін.Айтпақшы, ол жақта тек жемқорлық үшін ғана емес, тонау, қарақшылық, зорлық көрсету сияқты қылмыстар үшін де ату жазасы қолданылады», - дедіПрезидент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «31» арнадан жүріп жатқан«Президент 2.0» деректі фильмінде Президент лауазымына қалай бой үйреткенін деайтты.

Соңғы жаңалықтар