«Кенші әлсіреп қалған, құтқарушылар оның жер бетіне көтерілуіне көмектесті», - делінген хабарламада.
Бұған дейін құтқарушылар физикалық және психологиялық жағдайы жақсы 10 кеншімен ғана байланыс орната алды. Басқалары қаза тапты деп саналуда.
Еске сала кетейік, Қытайдың шығысындағы Янтай қаласындағы шахтада болған апат салдарынан 11 қаңтардан бері жер астында 22 кенші қалып қойған болатын.