Қытайда жер сілкінісі бес адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінің салдарынан кемінде 5 адам қазаға ұшырады, 300-ден астамы әртүрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді және 100 мыңнан астам адам көшірілді, деп хабарлады Росбалт Синхуа агенттігіне сілтеме жасап. Қиратулардан келітірілген залал 300 млн. долларға бағаланып отыр.

Кеше оңтүстік-батыстағы қытайлық Юньнань провинциясы 6,6 баллдық жер сілкінісінен зардап шекті. Жерасты дүмпулері провинцияның астанасы - Куньминде және ірі қалаларда сезілді. Зілзала кіндігі өзінің шай дәстүрлерімен танымал Пуэр қаласынан 85 шақырым жерде болды. Халқы тығыз, технологиялық жағынан дамымаған аймақта негізінен ұлттық азшылық өкілдері тұрады.

Құтқару жұмыстарына қытай армиясының 3200сарбазы, 800 өрт сөндіруші және қызметтік иттер қатыстырылуда.

Бұл жер Үндістан мен Еуразиялық тектоникалық жерасты қыртыстарының түйіскен жері болғандықтан сейсмикалық белсенділігі жоғары болып келеді. Тамыз айында да осында күші 6,1 баллдық жер сілкінісі болып, 600-ден астам қытайлықтардың өмірін қиып кеткен болатын.