Қытайда жер сілкінісі кезінде 14 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін ҚХР-дің Юньнань (Оңтүстік-батыс Қытай) уәлаятында болған күші 5,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 14 адам қаза тауып, 35 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Хабарланып отырғандай, жер сілкінісінің ошағы Инцзян әкімшілік уезінен екі шақырым жердегі Шимин елді мекенінде болды. Соңғы екі айдан астам уақытта Инцзян уездінің аумағында түрлі қуаттағы 1 200-ден астам жер сілікіністері тіркелді.

Инцзян уезді Юньнань уәлаятының батысында орналасып, Мьянмамен шекараласады.