деп хабарлады апат салдарын жою жөніндегі штабтан.
Қазіргі уақытта 243 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында болса, 11477 адам жарақаттанған, олардың 1174-інің жағдайы өте ауыр. Сондай-ақ зардап шеккен 4200 азамат ауруханадан шыққан.
Цинхай провинциясының Юйшу уезіндегі жер сілкінісінің салдарынан 15 мыңға жуық үй қирап, соған байланысты 100 мыңға жуық жергілікті тұрғындар жедел көшірілуге мәжбүр.
Рихтер шкаласы бойынша тербелісі 7,1 баллдық жер сілкінісі сәуірдің 14-інде орын алды.