Еске сала кетейік, Оңтүстік Қытай технологиялық университетінің 4 курс студенті Ерлан Амангелдіұлы 22 қараша күні таңғы 8-де мотоциклмен жол апатына түсіп, ауруханаға жатқызылған. Ол 26 қарашаға дейін ес-түссіз жатты. Одан кейін студент өздігінен тыныс алып, қасындағыларды сезе бастаған.
02:30, 10 Желтоқсан 2015
Қытайда жол апатына түскен қазақстандық студент қайтыс болды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні ҚХР Гуандун провинциасының Гуанчжоу қаласында жол апатына ұшыраған 20 жастағы қазақстандық Ерлан Амангелдіұлының жүрегі тоқтап қалды. Бұл туралы ҚХР-дағы ҚазАқпарат тілшісіне студенттің достары Айдос Рахадилов пен Наргиз Шандозова хабарлады.