Қайғылы оқиға жұма күні, 1 шілдеде, Тяньцзинь ауданындағы тас жолында орын алды. Ішінде 30 адам болған Шэньян - Синтай қалааралық автобусы трассада жылдамдықты асыра жүріп, көпірден құлады.
Төрт адам аман қалды, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, апаттың орын алуына доңғалақта тесіктің пайда болуы себеп болды. Тергеу амалдары басталды.