Қытайда жол-көлік оқиғасының салдарынан 26 адам қаза болды

БЕЙЖІҢ. 4 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Хубэй уәлаятында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 26 адам қаза болды, тағы 31 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін жергілікті уақыт 3.50-де Хубэй уәлаяатындағы (Орталық Қытай) «Шаньтао-Маоцзуй» тас жолында орын алған.