Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы - Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр.
Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.
фото: russian.news.cn