Қытайда жолаушылар кемесі апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-ның Макао арнайы әкімшілік ауданында жолаушылар паромы апатқа ұшырады.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан төрт адам құтқарылып, 15 адам жоғалып кеткен.

Кеме бортында барлығы 19 адам, соның ішінде үш экипаж мүшесі болған.

Оқиғаның басқа мән-жайлары әзірге хабарланбады, деп жазады ТАСС.