52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, 56 келіде 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев, 64 келіде жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың чемпионы Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, 91 келіде Иван Дычко жолдамаға таласады.
49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келіде Данияр Елеусінов жолдама иеленген.
Қыздар арасында жолдама үшін әлем чемпионы 51 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Назым Ишанова, 75 келіде Дариға Шакимова шаршы алаңға шығады.