Провинцияның іздеу-құтқару орталығы өткен сәрсенбіде құрғақ жүк кемесінен қатты толқындардың салдарынан жүк тұратын бөлігі су астында қалғаны туралы апат сигналын алған болатын. Бортта экипаждың 13 мүшесі болған, олардың төртеуі құтқарылды, екеуі қаза тапты, ал қалғандары хабар-ошарсыз кетті. ТЖ ауданында іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп, оған 20 құтқару кемесі жұмылдырылды. Жүк кемесі Фуцзянь провинциясының Сямэнь теңіз портына 4,7 мың тонна бетон апара жатқан.
Авторы: Руслан Сулейменов