Жұма күні кешке Қытайдың Гуанси-Чжуан автономдық ауданында ауыр жүк көлігі аударылып, іші адамдарға лық толы болған жеңіл көліктің үстіне құлады. Жергілікті БАҚ-тың сенбі күні хабарлауынша, жараланған жеті адам қаза тапты. Дәрігерлер зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты деп отыр, тағы екеуі жеңіл жараланған, деп хабарлайды жергілікті билік. Қазіргі кезде полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Фото:chto-proishodit.ru
18:05, 09 Қаңтар 2016
Қытайда жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жеті адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік апаты Лайбинь қаласының Синбинь ауданында орын алған.