Басылымның мәліметінше, 48 жастағы қарулы ер адам бейсболка мен маскамен жеке балабақшаға кіріп, бөлмедегі адамдарға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Оқиға сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша 10:22-де Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Анлу уезінде болған. Қазіргі уақытта жергілікті полиция қылмыскерді іздестіруде. Жаңалықтар хабарламасында шабуыл жасаушының мақсаты және қылмысты жасау үшін қандай қару қолданғаны көрсетілмеген.
Жергілікті полиция қылмысты ашуға ықпал ететін ақпаратты бергені үшін 50 мың юань (шамамен 7,3 мың доллар) сыйақы жариялады.
Фото: Global Look Press/Costfoto