Биыл тізімге 1305 адам кірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% аз және олардың жалпы байлығы 3,5 трлн долларды құрады (бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% төмен).
Ең бай қытайлықтар тізіміндегі бірінші орынды бөтелке су компаниясының негізін қалаушы Чжун Шаншан алған. Оның байлығы бір жылда 17% өсіп, 65 млрд долларды құрады.
Екінші орында ByteDance компаниясының негізін қалаушы Чжан Имин тұр, оның байлығы – 35 млрд доллар.
Үштікті CATL отын элементтері мен литий-ионды аккумуляторлар өндірушісі Цзэн Юйкунь тұйықтады, дәулеті – 32,9 миллиард доллар.
Alibaba негізін қалаушы Джек Ма рейтингіде тек тоғызыншы орынға ие болды. Оның байлығы шамамен 30% - 25,7 миллиард долларға дейін азайды.
Ең бай адамдар тұратын қалалардың алғашқы үштігіне Бейжің, Шэньчжэнь және Шанхай енді, одан кейін Гонконг пен Ханчжоу тұр.
Қытайлық миллиардерлердің орташа жасы – 58.
Басылым атап өткендей, Қытайдағы ең бай адамдар тізімінің қысқаруына әлемдегі пандемия мен геосаяси шиеленіс жағдайында әлемдік экономиканың баяулауы әсер еткен.
Фото: english.www.gov.cn