Саммиттің еріктілер корпусы түрлі мамандық иелерінен тұрады. Бұлар партиялық-үкіметтік органдар және қалалық тұрғындар комитеттері, сондай-ақ қалалық көлік, қауіпсіздік күзеті, денсауық, туризм, сауда және байланыс қызметкерлері.
Олар өздерінің жұмыс орындарында - тұрғын үй орамдарында, көшелерде, әуежайларда, вокзалдарда және өзге де нысандарда саммит кезінде қаладағы тіршіліктің ырғақты болуын қамтамасыз етеді»,- деп мәлім етті Циндао қалалық рухани мәдениетті дамыту комитетінің басшысы Сюй Цзяньминь.
Оның айтуынша, барлық еріктілер айға созылған оқудан өткен.
Белгілі болғандай, Циндаода тіркелген еріктілер саны 1,45 миллион адамға жеткен. Бұл шамамен қала тұрғындарының 15 пайызы.