ВВС-дің жазуынша, Ли биліктен экологиялық жауапкершілік пен осы бағытта өзінің шығындарын өтеп беруді талап етуде. Атап айтқанда, ауаның ластануы салдарынан ол бетперделер, ауаны тазалайтын құралдар мен үйіне жүгіретін спорттық жабдықтарды алуға жұмсалған шығындарды өтеуді сұрап отыр. Сот өз кезегінде бір аптаның ішінде шағымды қабылдау туралы шешімді шығуруға уәде берді. Айта кетейік, ауаның ластануы елдегі проблемаларының бірі. Еске сала кетейік, Қытайда атмосферадағы қауіпті заттардың күрт артуына байланысты елдің метеорологиялық басқармасы қауіптіліктің ІІ деңгейін жариялады. Соған байланысты елдің бірқатар ауданында зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.
11:42, 26 Ақпан 2014
Қытайдағы экологиялық жағдайға шағымданған адам билікті сотқа берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстікқытайлық провинциядағы Шицзячжуан қаласының тұрғыны Хэбэй Ли Гуйсинь қысқы уақытта түтіннің жоғары деңгейіне байланысты өңірлік билікті сотқа берген алғашқы адам болды.