«Мерседес» өкілдерінің мәлімдеуінше, көліктің беріліс қорабы алдыңғы Бахрейнде өткен әлем біріншілігінің Гран-при жарысында бұзылған. Жарыс ережесі бойынша пилот бір беріліс қорабын алты жарыс қатарынан ауыстырмай пайдалануы тиіс. Осылайша, Хэмилтон жарысты алтыншы орыннан бастайды.
Соңғы екі әлем біріншілігінің кезеңдерінде Хэмилтон 33 ұпаймен екінші орында келеді, ол командасындағы Нико Росбергтен 17 ұпай аз жинаған.
Ал кезекті Гран-при Қытайдың Шанхай қаласында 15-17 сәуірде өтеді.