Қытайдағы қақтығыстан 8 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында ауыл тұрғындары мен құрылысшылар арасында болған қақтығыстан 8 адам ажал құшты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Қаза болғандардың алтауы - логистикалық орталықтың құрылысшылары және екеуі - Цзиньнин уезінің Фую ауылының тұрғындары. Қақтығысқа қатысқан тағы 18 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды, 10 адам ауруханаға жатқызылды. 1 адамның жағдайы ауыр. Аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.