Үйленіп жатқан жігіт Бейжің қаласындағы Ұлттар радиосының «Қазақ радиосы» бөлімінде ұзақ жылдар бойы аға диктор болып қызмет етіп келе жатқан əріптесіміз Қызырбек Жанасылдың баласы екен. Əкесі баласының некесі туған елінің астанасында қиылғанын қалапты.
Неке қию кезінде барлық əдет-ғұрыптар жасалып, Құзар Қызырбекұлы мен Алтынай Сəбитжанқызына «Əзірет Сұлтан» мешітінің имамы батасын беріп, шаңырақтарының биік болуын тіледі. Екі жастың шаңырақ көтеруіне мешітке бес уақыт намазын оқуға, Құран оқытуға келген жүздеген адамдар куə болды.
- Біз Бейжіңнен Астанаға некемізді қидыруға арнайы келдік. Туған еліміз, ата мекеніміз болған соң өмірдегі ең жауапты да қуанышты күнімізді Астанада өткізгіміз келді. Бізге мешіт керемет əсер етті. Бұл жерде мешіт имамдарының уағыздарын тыңдадық, - деді жастар.