Қандасымыздың лақап аты - Қазақ жауынгері. Жасы биыл 23-те. Ол осыған дейін сегіз рет шаршы алаңға шығып, әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның басты жекпе-жегіндегі қарсыласы таиландтық боксшы Анукул Промкамсав болмақ. Оның жасы биыл 29-да. Промкамсав 14 рет шаршы алаңға шығып, алтауында қарсыласын айқын басымдылықпен жеңсе, 9 кездесуінде жеңіліс тапқан. Қос боксшы аса жеңіл салмақта (118 фунтқа дейін - 53,5 келі) сынға түседі. Кездесу алты раундқа созылады.
Осы орайда айта кетейік, Елхат Нығметолла - белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам дүниеге келген Шынжаңдағы Алтай аймағы, Қаба ауданының тумасы. Бұл елді мекенде Қанаттың жолын қуған өзге де қандастарымыз жетерлік.