Қытайдағы қандасымыз қошқарын 4 миллионға жуық теңгеге сатты - фото

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Шынжаң өлкесі Алтай аймағының кезекті ауыл шаруашылық жәрменкесінде алып қошқар рекордтық бағада сатылды, деп хабарлады «Алтай ақпарат» сайты.

Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданының тұрғыны, қандасымыз Баймұрат Бөкейқанұлы ауыл шаруашылық жәрменкесіне әкелген 176 келі салмақтағы Алтай қошқары бәс саудада 128 мың юан қытай ақшасына сатылған. Бұл біздің ақшамен 3 миллион 788 мың теңге пара-пар. Ризабек Нүсіпбекұлы