АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Алтай аймағында тұратын қандасымыз Сіламбек Сағынышұлы қазақтың байырғы тері шаңғысы қалай жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық құндылығымызды ұлықтап жүрген қандасымыз бұл туралы сол елдегі қазақ тілді «kazakh.people.com» сайтына берген сұхбатында айтты.
Сіламбек Сағынышұлы Алтайдың Ласты ауылы Ноғайты деген қыстағында тұрады. Биыл пайғампар жасынан асқан қандасымыз әлі де көне мұрамыздың отын өшірмей жалғастырып келе жатқанын, сондай-ақ, арнайы шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтады.
«Қазақтың байырғы тері шаңғысы кезінде әр үйде болған», - дейді ақсақал.
Төмендегі видеодан байырғы қар шаңғысының қалай жасалып, қалай пайдаланатыны туралы толық көріп, білуге болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.