Бүгінде қазақ арасында той тек шаңырақ көтеріп, отау тігу немесе қыз ұзату емес, бәсекеге, мал шашпақтыққа, орынсыз шығынға айналып кеткені белгілі. Дәл осы үрдіске қарсы бұл той иелері әйгілі көлік мініп, сән-салтанатқа берілмей, қазақтың қаймағы бұзылмаған асыл қасиеттерін ұлықтау үшін 50 атқа мініп, түйе қомдап, жүк артып, қазаққа ғана тән ұлттық сәнімен той рәсімін атқарған.
Ескерер тағы бір жайт, той салтын бұлай атқару бірінші рет болып отырған жоқ. Осыған дейін де Қытайдағы ғаламтор қолданушылары ортасында үлкен дүмпу туғызған тағы бір той өткен болатын. Жастарымыздың құлағына алтын сырға, қазақтың кең даласы мен ауылдағы қазақтың бүгінгі қал-күйі бұл бастамаға сұранып тұрғанын айта кеткіміз келеді.
Екінші тойдан көріністер: