Қытайдағы қазақ жастары Қазақстанда оқу үшін көптеп өтінім беріп жатыр – СІМ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай этникалық қазақтардың Қазақстанға өтуіне рұқсат берді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайдың саяси тәрбиелеу лагерьлеріндегі этникалыққазақтардың санын нақты айта алмаймын. Бірақ бұған дейін де айтқанымыздай,жақсы тенденция бар. Біз бірнеше келіссөздер өткіздік. Тіпті Сырты істерминистрлері деңгейінде кездесу өтті. Өте сәтті сапар болып, қытайлық тарап тақұптады. Қазір Қазақстанға кеткісікелгендер виза алып, құжаттарымен емін-еркін өтіп жатыр. Оның үстіне қазір қазақстандық жоғары оқуорнына түсу науқаны жүріп жатыр. Қытайдан талапкер қазақтар еліміздің оқуорындарына көптеп келуде. Біздің Үрімжідегі консулдық қызу жұмыс үстінде.Оларға өте көп өтінімдер түсуде. Ол құжаттардың уақытында өңдеуге тырысамыз», -деді Айбек Смадияров.