Елшаттың қарсыласы индонезиялық боксшы Икал Тобида (13-23-1, 8КО). Спортшылар 53,5 келі салмақ дәрежесіне дейінгі шектеуден сәтті өтті.
Оның кәсіпқой рингтегі кезекті кездесуі бүгін, 6 қаңтарда Қытайдың Шэньчжэн қаласында болады.
Айта кеткен жөн, еш жеңіліп көрмеген 23 жастағы қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы. Ол 15 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.
«Қазақ жауынгері» атымен танымал Елшат Нығметолла Қанат Исламның жерлесі. Екі боксшы да Шыңжаңның Алтай аймағында дүниеге келген.