Осылайша, апат салдарынан мерт болғандардың саны 65-ке дейін өскен.
Ішінде 458 адам болған «Шығыс жұлдызы» туристік кемесі апатқа ұшырады. Небәрі 14 адам ғана аман қалды.
Теплоходтың капитаны мен бас механигі кеменің циклоннан болған дауыл салдарынан батып кеткенін айтты.
Апат орнында іздеу-құтқару іс-қимылдары жалғасып жатыр, көптеген адамдар із-түссіз жоғалды деп есептелуде.