Гуюань қаласындағы мешітте діндарлар келушілерге дәстүрлі тағамдарды тарату кезінде тәртіпсіздік орын алып нәтижесінде біраз адам зардап шеккен.
Адамдардың бірін-бірі басып жаншуы салдарынан 10 адам әртүрлі жарақат алып, оның төртеуі өте ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Биліктегілер болған жағдайға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.
Нинся-Хуэск автономдық ауданы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданы сияқты қытай мұсылмандары тығыз орналасқан аймақ болып саналады. Бұл өңірде 2 млн. аса мұсылман тұрады.