Қытайдағы «Непартак» дауылынан қаза тапқандар саны 80-нен асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Фуцзянь провинциясында 'Непартак' дауылынан 83 адам мерт болып, 19 адам із-түссіз жоғалды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Алдыңғы ақпараттарда 69 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Құрбандардың көпшілігі - 73 адам - Миньцин уезінде тұрған.

«Непартактан» 650 мыңнан астам адам зардап шекті, 500 мыңнан астам адам көшірілді. Тікелей экономикалық шығын 900 миллион юань (135 млн. доллар) деп бағалануда.