Агенттік мәліметінше, өңірдің 18 қаласы мен ауданында нөсер жаңбыр жауған. Құтқару қызметі 1,8 мың тұрғынды эвакуациялады. Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, кей өзендерде су деңгейі 1-6 м-ге дейін көтерілген.
Провинция әкімшілігі тұрғындарға ірі су қоймаларының жанына және ылди жерлерге жоламауға кеңес береді. Төтенше жағдайларға дереу жауап беру жедел қызметі ең қауіпті жерлерді бақылауға алды. Сонымен бірге табиғи апаттың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.