Қытайдағы Шыңжаңда жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде тербелісі 3,0 жер сілкінісі болды.

Бүгін жергілікті уақытпен таңертең 9:48-де тіркелген жер сілкінісінің кіндігі Шыңжаңның оңтүстік-батысында Қашғар округінің Бачу уезі маңында болды, координаттары - солтүстік ендікте 39,3 градус, шығыс бойлықта 77,7 градус.

Жер сілкінісінің ошағы 7 километр тереңдікте болған.

Зардап шекендер мен қиратулар туралы мәліметтер түскен жоқ.