Қытайдағы теміржол апаты құрбандарының туыстары шындықты талап етуде

БЕЙЖІҢ. 28 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайда өткен сенбі күні Чжэцзян уәлаятында болған теміржол апаты құрбандарының туыстары мен жақындары кеше, сенбі күні Вэньчжоу қаласының Оңтүстік вокзалына наразылық шерумен шықты.

Олар үкіметтен апаттың ашық және анық тексерілуін талап етуде.

Төтенше оқиғаның шын себебіен жария етуді талап еткен олар, үкіметті болған оқиға үшін жауап беруге шақыруда. Бұл теміржол апатының себебіне қатысты біраз жайттың түйіні шешілмей отыр.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, апатқа Чжэцзяндағы жүрдек жол учаскесіндегі дабыл жабдығы құрылғысындағы «ақау» себеп болған. Найзағай түскеннен кейін Вэньчжоу стансасындағы дабыл жүйесі «жасылдан» «қызылға» ауыспай қалған, нәтижесінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызы тоқтап тұрған құрамаға барып соғысқан. Бұған дейін қытай шенеуніктері, апатқа найзағай түскеннен кейін пойыздардың бірінің тоқтап қалуы себеп болғанын мәлім еткен еді. Апат орнында қазір Қытай Бас прокуатурасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Және бүгін жағдаймен танысу үшін Вэньчжоу стансасына жұмыс сапарымен Мемлекеттік кеңес премьері Вэнь Цзябао келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ханчжоудан Вэньчжоуға бара жатқан пойыз кері бағытта жүріп келе жатқан пойызға соғысқан болатын. Оқиға салдарынан төрт вагон рельстен шығып кетіп, 30 метр биіктіктен құлаған. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 39 адам қаза болып, 192 адам жараланған.