«Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған», - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.
Ұшақ бортында 132 адам – 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.