«Елшілік біздің студенттердің оқу деңгейін үнемі назарда ұстайды. Қытайлық оқытушылардың мінездемелеріне орай оқуда үздік атанғандарды атап өтуге болады. Олар: Қытай Ғылым академиясының Инновациялық технология институтының магистранты Нұрсұлтан Қалықұлов, Бейжің дәстүрлі медицина институтының 5-інші курс студенті Айгүл Сұлтанбек, Бейжің политехникалық институтының ақпараттық технология факультетінің 4-інші курс студенті Арман Сыдықов, Медицина университетінің 5-інші курс студенті Ғалымжан Исабеков, «Цинхуа» университетінің қытай тілі факультетінің 3-інші курс студенті Яна Ким. Бұдан басқа да оқуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендер аз емес»,-деді Нұрлан Ермекбаев.
Елші сонымен қатар Бейжіңдегі (Ален Нұрбаев), Шанхайдағы (Тілектес Адамбеков) және Ухандағы (Жандос Жағыпаров) қазақстандық студенттер қауымдастығының жұмысын атап өтті.