Жергілікті билік орындарының мәліметіне қарағанда, Куньмин қаласындағы террористік акті алдын ала жоспарланған және оны шыңжаң сепаратистері жүзеге асырған.
Соңғы мәлімет бойынша, 29 адам мерт болған, 130-дан астамы жарақаттанған.
Еске сала кетсек, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:00-де қаруланған 10 адамнан құралған топ Куньмин қаласының теміржол вокзалына шабуыл жасаған.
Полиция олардың бесеуін өлтіріп, бірнеше күдікті адамды ұстады. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.