Мәскеу уақытымен сағат 07.21 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінің Brent маркілі мұнай баррелінің құны 0,96% өсіп, 54,68 долларға жетті, деп хабарлады РИА Новости. Наурыз фьючерстерінің WTI маркілі мұнай баррелінің бағасы 0,47% - 48,68 долларға дейін өсті.
Қытай халық банкі сәрсенбі күні 5 ақпаннан банктер үшін міндеттелген қор нормасын 0,5 проценттік пунктке төмендету шешімін қабылдаған. Осылайша, қытайлық банктер сақтайтын қаражат көлемі 20%-дан 19,5% дейін қысқарады.
Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар бұл жаңалықты жылы қабылдады. Олардың пайымынша, бұл шара елдің экономикалық белсенділігі мен энергияға деген сұранысты реттейді.