деп хабарлайды қытайлық БАҚ.
Олардың мәліметінше, ойрандаушылар ресми ғимараттарға, полиция учаскелеріне шабуылдап, көліктерді өртеген. Бұған жауап ретінде полиция оқ атқан.
ВВС-дің жазуынша, қаза болғандардың арасында он жеті полицей мен азаматтық тұлғалар, сондай-ақ шабуыл жасаған он адам бар.Соңғы жылдары Синьцзян-Ұйғыр автономды районы ұйғырлар мен этникалық қытайлықтар арасындағы қақтығыстар ошағына айналған болатын.
2009 жылы тәртіпсіздік салдарынан Синьцзянде 200-ге жуық адамның өмірі қиылған болатын Ал өткен аптада 11 адам этникалық және діни алауыздыққа арандатқаны үшін сотталған еді.