Қытайдағы жарылыс: бірнеше адам ажал құшты
ТЖ 22:40 шамасында автобус стансасының жанында орналасқан сауда орталығының бірінші қабатында орын алған. Жарылыс салдарынан ғимараттың бір бөлігі құлап, оның сынықтары тіпті автобус аялдамасы мен дүкен жанында тұрған көліктерді басып қалды.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған бірінші ғимаратта өрт басталып, ол тез арада екінші қабат пен шатырға қарай жайылған. Жарақаттанған 22 адам жергілікті медицина колледжінің ауруханасына, ал тағы 15 адам басқа медициналық мекемеге жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында СО-ның қызметкерлері мен келушілер, сол маңнан өтіп бара жатқандар бар.
Aboluowang басылымының мәліметінше, жарылыстың орын алуына газдың сыртқа жайылуы себеп болуы мүмкін. Осыған дейін жақында орналасқан өзге дүкен иелері мен жергілікті тұрғындар газ құбырының дұрыс жұмыс істемейтініне шағымданған болатын.