Келеңсіз жағдай өткен бейсенбіде кешкі сағат 18:00-де Ибинь қаласының Цзянъань уездіндегі Янчунь индустриалдық паркінің ғылыми-техникалық компаниясында болған.
Бұл апат жайлы бұдан бұрын хабарланған еді. Жарылыс салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды. Олардың ақпаратына сенсек, зардап шеккен 12 адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жергілікті билік бүгін таңертең жарылыс салдарынан тұтанған өрттің сөндірілгенін мәлімдеді.
ҚХР Төтенше жағдайларды басқару министрлігі жарылыс себептерін анықтау үшін оқиға орнына арнайы топ жіберді.