Қытайдағы жарылыстан зардап шеккендер саны 400-ге жетті, 7 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Тяньцзинь қаласында қауіпті заттары бар контейнердің жарылуынан болған өртті өшіруге 100-ге жуық өрт сөндіру көлігі жіберілді, деп хабарлайды CCTV телеарнасы.

Логистикалық компанияға тиесілі қауіпті заттары бар контейнер сәрсенбі күні сағат 23.30 шамасында екі рет қатарынан жарылған. Жарылыс салдарынан көптеген тұрғын үйлер, көліктер зардап шеккен.

"Жэньминь жибао" басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан 7 адам ажал құшқан, "People's Daily" басылымы 300-400 адамның зардап шеккенін хабарлауда.