АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың батыс аймағындағы Гуйчжоу провинциясындағы газ құбырында екі рет жарылыс болып, салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды қытайлық БАҚ.
Бірінші жарылыс жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 10.44-те Цинлун уезінде болды. Артынша тағы да жарылыстың болғандығы хабарланды.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, осы уақытта бір адамның зардап шеккендігі анықталып отыр, билік жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр.
Жарылыс себебі әзірге беймәлім. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері келді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.