Тяньцзиньде орын алған апаттан кейін 3,5 мыңнан астам адам далада түнеуге мәжбүр. Жарылыс салдарынан 55 адам қаза тапты, олардың ішінде 12 өрт сөндіруші бар. 700-ден астам адам түрлі жарақат алды.
2 шақырым қашықтықтағы үйлерде терезелері сынып, кеңсе ғимараттары бұзылды, мыңдаған көлік өртенді.