Турнирдың бірінші күні ел намысын 60 келіге дейінгі салмақта екі дзюдошымыз қорғады. Оның бірі Рустам Ибраев болса, екіншісі Бауыржан Жауынтаев.
Ибраев алғашқы белдесуінде солтүстіккореялық Ким Чуонг Хуокты ұтты. Алайда, екінші айналымда Альберт Огузовка жеңіліп қалды. Бірақ, қарсыласы финалға шыққаны үшін ол жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Өкінішке қарай жұбаныш белдесуінде Мохаммад Рашненозадқа есе жіберіп, жүлдесіз қалды.
Ал Жауынтаев бірінші белдесуінде қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгін Қазақстан боз кілемге ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Айдын Дартаев пен Бекәділ Шаймерденов және 81 келіде Ерсұлтан Мұзаппаров шықса, әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Ділбар Өмірәлиева, 70 келіде Зере Бектасқызы ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Гран Приге Қазақстаннан 10 дзюдошы аттанған болатын.
Олар:
Ерлер:
1. Рустам Ибраев (60 кг)
2. Бауыржан Жауынтаев (60 кг)
3. Бекәділ Шаймерденов (73 кг)
4. Айдын Дартаев (73 кг)
5. Ерсұлтан Мұзаппаров (81 кг)
6. Дәулетхан Жақыпов (90 кг)
7. Әділ Оразбаев ( 100 кг)
8. Жамбыл Тұрғыналиев ( 100 кг)
Әйелдер:
1. Ділбар Өмірәлиева (63 кг)
2. Зере Бектасқызы (70 кг)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең белгілі болады.
10:31, 01 Шілде 2017
Қытайдағы жарыстың алғашқы күнінде қазақ балуандары жүлдесіз қалды
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Кеше Қытайдың Хох-Хото қаласында дзюдодан әлемдік Гран при турнирі басталды. Өкінішке қарай жарыстың алғашқы күні сынға түскен балуандарымыз жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.