Ал табиғат апаты болған жерге жақын орналасқан Цзюхуан әуежайынан 600 турист эвакуацияланды.
Соңғы деректерге қарағанда, 164 адам жарақаттанып, тоғыз адам қаза тапқан.
Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.